Елімізде 1414 қызметі ақылы болуы мүмкін бе?

Қажет болған жағдайда 1414-ке ақылы негізде өз қаражаты есебінен қосыла алады.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Қазақстан азаматтарына 1414 біріккен байланыс орталығы арқылы көрсетілетін ақылы қызметтер туралы таралған ақпаратқа байланысты шұғыл үндеу жолдады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Азаматтардан ешқандай ақы алынбайды. Бұл тек мемлекеттік органдарға қатысты. Мақсат – жеке колл-орталықтар құру емес, азаматтармен өзара әрекеттесудің бірыңғай арнасын қалыптастыру. Барлық өтініштер 1414 біріккен байланыс орталығында жиналады", – делінген ресми түсініктемеде.

Сонымен қатар басқа мемлекеттік органдар өздерінің колл-орталықтарын оңтайландыра алады және қажет болған жағдайда 1414-ке ақылы негізде өз қаражаты есебінен қосыла алады, азаматтардың қаражаты есебінен емес.