«Осылар қуанса, өміріміз ұзарады»: Қайрат Нұртастың әкесі ерекше видео жариялады

Продюсер жұбайы Гүлзира Айдарбековамен бірге немерелеріне қуаныш сыйлаған ерекше сәтін әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған.

Танымал продюсер әрі әнші Қайрат Нұртастың әкесі Нұртас Айдарбеков немерелерімен бірге түскен жүрек елжіретер видеосымен әлеуметтік желі қолданушыларының ықыласына бөленді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Продюсер жұбайы Гүлзира Айдарбековамен бірге немерелеріне қуаныш сыйлаған ерекше сәтін әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған. Бейнежазбада ата мен әженің кішкентай немерелеріне киім-кешек тарту етіп, шынайы мейірім мен жылылық танытқаны көрініс тапқан.

Жылы атмосфераға толы видео желі қолданушыларының жүрегін жаулап, көптеген жағымды пікірлерге ие болды. Оқырмандар пікірлерінде:

«Керемет ата-әже! Немерелерін еркелетіп, шын жүректен қуанта біледі», «Немерелеріне деген махаббаттары ерекше сезіледі», «Ата мен әже ұзақ ғұмыр сүрсін», «Немерелерінің қызығын көріп, аман-сау жүре берсін» деген ізгі тілектерін білдірді.

Сондай-ақ көпшілік Нұртас Айдарбековтің немерелерімен заманауи форматта, жақын әрі шынайы қарым-қатынас орната отырып, видео түсіргеніне ерекше назар аударып, бұл әрекетті отбасылық құндылықтарды насихаттайтын тамаша үлгі ретінде бағалады.