Актриса, блогер Жанель Мақажан төртінші сәбиін дүниеге әкелді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Актриса күйеуі, актер Абай Асылхан екеуі сәбиін қолына алып тұрған сурет жариялады.
“Жарық дүниеге нұр болып келуіңмен, Асылхан Латиффа Абайқызы. Өмірің бақытқа, жүрегің мейірімге толы болсын, балапаным”, – деп жазды актриса.
Желі қолданушылары өнер иесін құттықтап, жылы лебізін білдіріп жатыр.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.