«Бұрын мұндай болған емес»: Баян Алагөзова Алматының келбетіне тамсанды (видео)

Ол кешкі уақытта жалт-жұлт еткен шамдар адамға көтеріңкі көңіл күй сыйлайтынын айтады.

Продюсер Баян Алагөзова биыл Алматы ерекше болып тұрғанын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Продюсер әлеуметтік желідегі парақшасында бірнеше видео жариялап, қала көшелері талғаммен безендірілгенін атап өткен. Ол кешкі уақытта жалт-жұлт еткен шамдар Жаңа жыл қарсаңында адамға көтеріңкі көңіл күй сыйлайтынын айтады.

Сонымен қатар жаңа әкім келгелі өзгеріс байқалып жатқанын жеткізді.

«Қараңыздаршы, қандай керемет. Талғаммен жасалған. Маған ұнап тұр. Бұрын мұндай талғаммен жасалған безендіруді байқамаппын. Мұның бәрі маған қуаныш сыйлайды», — дейді ол.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Yngaily Qala (@yngaily_qala)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.