Ақын Мұхтар Шаханов "1001 түн" бағдарламасына берген сұхбатында балалық шағын еске алды, – деп жазды Aikyn.kz.
Ақын жастайынан қиындық көргенін айтты. Сонымен қатар алдағы өмірі туралы болжаған көріпкел туралы баяндады.
"Бадам деген ауылда біреудің малханасында тұрдық. Ол кезде өзіміздің жеке үйіміз болмады. Сол кезде мен көршілерден тиын сұрап, Шымкентке тарттым. Ақша жоқ, Шымкентке жаяу бардым. Базарды кесіп өте бергенімде, сол жерде беті шотыр-шотыр бір кісі қолыңды ұстап, тағдырыңды айтады екен. Соған мен де қолымды ұстаттым. Сонда маған айтты: "Балам, сен бүкіл жер шары білетін адам боласың. Бүкіл жер шарында сендей абыройы биігіне, даңқ биігіне көтерілген адам болмайды. Сен өзің 93-ке келіп, өмірден кетесің" деді. Соның айтқанының бәрі келді ғой. Дүние жүзінде мен бармаған мемлекет жоқ. Барлық мемлекетте болдым. Маған енді 93-ке жетуге 11 жыл қалыпты. Соны күтіп жүрмін», - дейді ақын.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.