ҚазАвтоЖол ұлттық компаниясы ауа райының нашарлауына байланысты еліміздің тағы екі өңірдегі республикалық маңызы бар жолдардың жекелеген учаскелерінде көлік қозғалысына шектеу қойылғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Aikyn.kz
Ақмола облысыyда 30 желтоқсан күні сағат 04:30-да республикалық маңызы бар «KAZ 01 «Астана-Қарағанды-Алматы» 30-92-шақырым аралығында (Жібек-Жолы аулынан Анар стансасына дейін) барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды. Республикалық маңызы бар «Астана-Қорғалжын» 36-180-шақырым аралығында Ақмол ауылынан-Қаражар ауылына дейінгі жол жабылды.
Мәселен, республикалық маңызы бар «Астана-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау» 35-51-шақырым аралығында (Қабанбай батыр ауылынан Қарағанды обл, шекарасына дейін ) барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды.
Бүгінгі сағат 05:00-де ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар «Астана-Көкшетау-Петропавл-РФ шекарасына дейін» 18-232-шақырым аралығында Астана қаласынан-Щучинск қаласына дейін көлік қозғалысына шектеу қойылған.
Қарағанды облысы бойынша 30 желтоқсан күні сағат 04:45-да республикалық маңызы бар «Астана-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау» 51-101-шақырым аралығында Ақмола облысының шекарасынан Нұра ауылына дейінгі жол қозғалысына шектеу қойылды.