Белгілі әнші Заттыбек Көпбосынұлы ағасына көлік сыйлап, көпшіліктің ықыласына бөленді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Әнші әлеуметтік желіде бауырларымен бірге түскен видеосын жариялап, «Бұл – менің бауырлық қамқорлығым» деп әнші ағасына көлік тарту еткен. Видеодан әншінің бауырларымен жиналып, ағасына көлік кілтін табыстаған сәтін көруге болады.
«Барымызды бауырларымызбен бөлісе білейік, ағайын! Жақсы күндеріміз көп болсын!» , — деп жазды ол әлеуметтік парақшасында.
Оқырмандары әншіге қолдау білдіріп, жылы пікірлерін жазды.