Атыраудағы газға уланған үш адамның өлімі жайлы тың деректер шықты

Мамандар оқиға орнында екі күн бойы жұмыс істеп жатыр.

28 желтоқсан күні сағат 13:40-та Атырау облысы Томарлы ауылында үш адам газдан уланып, қаза тапқан. Олардың өліміне табиғи газбен жұмыс істеген жылыту пешінде тартудың болмауы себеп деп болжаған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қайғылы оқиға жеке үйде болған. Сол жерден 1958 жылғы  жастағы ерлі-зайыптылар мен 1953 жылғы ер адамның мәйіті табылған. Мамандар оқиға орнында екі күн бойы жұмыс істеп, бүкіл жылыту жүйесін тексеріп, адамдардың газдан қалай уланғанын анықтап жатыр.

Полиция қылмыстық іс қозғады, оқиғаның нақты себебі бірқатар сараптамадан кейін жарияланады.

– Өлім себептерін әлі анықтау мүмкін емес. Қазіргі уақытта тергеу және жедел шаралар жүргізілуде. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, ол себеп-салдарын анықтайды. Қазір үйде газ пешінің ақауы болғанын білеміз, – деді Атырау қалалық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Айбек Құспанғалиев.

Бұған дейін Атырауда үш адамның газдан уланып, қаза тапқанын жазған болатынбыз.