Қазақстандықтар зейнетақы қорындағы қаражатын енді ипотеканың негізгі бөлігін төлеуге жұмсай алады. Осы орайда Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің бұйрық жобасы пысықталып жатыр, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қарызды өтеуге шекті мөлшерден асқан қаржы ғана қолданылады. Бұған дейін азаматтар ол сома арқылы ипотеканы пайызымен бірге жабатын. Енді банктің берешегін төлеудің қажеті жоқ. Сонда қордан алынған қаражат көлеміне қарай несие толық жабылады немесе қалған ай сайынғы төлем мөлшері мен мерзімі қысқарады.
- Қазір біз бірнеше мемлекеттік органмен олардың ұсыныстарын талқылауға салып, біз жобаны қайта мемлекеттік органдарға келісуге жолдадық. Қолдау тапқан жағдайда тиісті мемлекеттік органдар тарапынан, қаңтар айында жоспарлап отырмыз, - дейді ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің бас сарапшысы Даубек Керімбаев.