Коменданттық сағат енгізіле ме?
Коменданттық сағат енгізіле ме?
124
оқылды
Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларын карантинге жабу заңға қайшы емес пе? Қазақстанда коменданттық сағат енгізіле ме? Осы және өзге сұрақтарға кеше Орталық коммуни­кациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Әділет министрі Марат Бекетаев жауап берді.
«Елімізде коменданттық сағат енгізілмейді және бұл мәселе тал­қыланбайды. Вирусты инфек­ция­ның таралу қаупін азайтуды қам­тамасыз ету үшін төтенше жағдай ре­жимі де жеткілікті», – деді ми­нистр. Министрліктің Заңнама де­­­партаментінің директоры Ол­жас Да­набековтің айтуынша, ко­мен­дант­тық сағат енгізу Төтенше жағ­дай туралы заң негізінде жүзеге аса­ды. Оны енгізу үшін заңда көр­се­тілген он шақты негіз болуы керек. Әділет министрі Марат Беке­таев Нұр-Сұлтан, Алматы қала­ларын карантинге жабу заң ая­сын­да жүргізілгенін айтады. «Бұл – уақытша және мәжбүрлі шара. Атал­ған қалаларды карантин ре­жиміне көшіру, қозғалысты шек­теу туралы шешім конституциялық заңға сәйкес келеді. Бұл шешім инфекцияның таралу қаупін тө­мендету мақсатында қабылдан­ды», – дейді ол.
Министрдің айтуынша, ка­ран­тин кезінде уақытша тіркеу тоқ­та­тылмайды. Себебі Халыққа қызмет көрсету орталықтары ка­рантин кезінде де жұмыс істеп жа­тыр. Электронды үкімет арқы­лы да көптеген мәселені шешуге болады. Әзірге жұмыс әдеттегідей таңғы 9:00-ден кешкі 20:00-ге дейін жал­ғасуда. Алдағы уақытта сот орын­даушылар да жұмысын тоқтат­пайды. Яғни, оларға онлайн режим­ге көшу ұсынылған. Сот орындау­шылары электронды жүйе арқылы медиатор ретінде шығып, екі та­рапқа тиімді ортақ шешімге келуге қолғабыс ете ала­ды. Өйткені базада орталық мем­лекеттік органдардың 52 сервисі­мен және барлық екінші деңгейлі банк сервистерімен бай­ланыс орнаған. Бұл сот орындаушы­ла­рының жұмысын айтарлықтай жеңілдетеді және қашықтан жұмыс істеуге мүмкіндік береді.  

Тұмар МЫРЗА