2025 жыл: елдегі көлік-логистика саласындағы жетістіктер

Елімізді Еуразиядағы ірі транзит хабына айналдыру жолында.

 Мемлекет басшысы Қазақстанның көлік-логистика әлеуетін дамытуға әрі елімізді Еуразиядағы ірі транзит хабына айналдыруға жіті мән берген. Президенттің тапсырмасымен биылғы жылда көлік-логистика саласындағы жетістіктер тізбектелді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты  Президентінің көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібайдың Telegram арнасына сілтеме жасап.

✔️2025 жылы 13 мың шақырым автокөлік жолын салу және жөндеу жұмыстары басталды. Жаңа жолдардың ұзындығы – 1,9 мың шақырым.

✔️Стратегиялық тұрғыдан маңызды күрежолдар қатарында Орталық-Батыс автомагистралы, Қарағанды-Жезқазған, Ақтөбе-Ұлғайсын, Атырау-Доссор учаскелері бар.

✔️Мемлекет басшысының тапсырмасымен Зайсан, Катонқарағай және Кендірліде үш жаңа әуежай құрылысы басталды. Арқалық әуежайын қалпына келтіру жұмыстары қолға алынды.

✔️Президент әуе арқылы жүк тасымалдайтын алғашқы ұлттық компанияны құру бастамасын қолдады. Бұл еліміздің көлік әлеуетін дұрыс пайдаланып, әлемдік нарыққа шығуға мүмкіндік береді.

✔️2025 жылы ел нарығына бірқатар жаңа авиакомпания кірді. Бұдан бөлек, 35-тен астам жаңа бағдар, соның ішінде тұңғыш рет Шанхай, Гуанчжоу мен Мюнхенге тікелей рейстер ашылды.

✔️Қызылжар-Мойынты екінші жолының, Алматы маңындағы айналма жолдың, Дарбаза-Мақтаарал және Бақты-Аягөз жаңа теміржол желілерінің құрылысы жүріп жатыр.

✔️Ел аумағындағы 124 вокзалға күрделі жөндеу, жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.