Мемлекет басшысы жыл бойы өндірісте және әлеуметтік салада еңбек ететін қызметкерлерді Ақордада қарсы алып, ерекше құрмет көрсетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz Бұл туралы Қазақстан Президентінің көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібайдың Telegram арнасында жазды.
Айтуынша, биылғы жыл Президент Жарлығымен жарияланған Жұмысшы мамандықтары жылы кәсіптік білім беру саласын реформалаумен және қарапайым еңбек адамдарын дәріптеумен есте қалды. Себебі, Мемлекет басшысы жыл бойы өндірісте және әлеуметтік салада еңбек ететін қызметкерлерді Ақордада қарсы алып, ерекше құрмет көрсетті.
– Республика күні қарсаңында өнеркәсіп және құрылыс саласында жұмыс істеп жүрген 500-ге жуық азаматқа жоғары марапат табысталды. Олардың 138-і – еңбек династиясының өкілдері. Сонымен қатар 130-дан астам педагог пен ғалым, 100-ден аса медицина қызметкері мемлекеттік наградаға ие болды. Кәсіби мерекелеріне орай көлік, энергетика, мұнай-газ, ауыл және су шаруашылығы, жедел қызметтер, білім, ғылым, мәдениет, журналистика саласының өкілдеріне ерекше сый көрсетілді, – деді ол.