Қасым-Жомарт Тоқаев 252 сағат уақытын ұшақта өткізген

Халықаралық қатынастар жүйесінде бір жыл ішінде Мемлекет басшысы 23 рет шетелге шыққан.

Бір жыл ішінде Президент өңірлерге және шет мемлекеттерге жасаған сапары барысында 168 960 шақырым жол жүріп, 252 сағат уақытын ұшақта өткізген,  деп хабарлайды Aikyn.kz. Бұл туралы Қазақстан Президентінің көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібайдың Telegram арнасында жазды.

 Оның ішінде Ресейге және Өзбекстанға мемлекеттік сапармен барды. ҚХР, Иордания, Түркия, Қырғызстан және Жапония секілді елдерге 5 ресми сапар ұйымдастырылды. Ресей (екі рет), АҚШ (екі рет), Түрікменстан (екі рет), БАӘ, Өзбекстан, Әзербайжан, Тәжікстан және Қырғызстан сияқты мемлекеттерге 16 рет жұмыс сапарымен барды,  деп жазды ол.