Ауа райының күрт құбылуына байланысты әуе рейстері кешігіп жатыр

Авиация әкімшілігі жолаушыларға әуе компанияларының ресми ақпаратына сүйеніп, терминалдағы хабарландыруды назардан тыс қалдырмауды ескертеді.

Астанада күн райының күрт құбылуына байланысты бірқатар әуе рейстері кешігіп жатыр,  деп хабарлайды Aykin.kz.

"Кеше түннен бері тоқаусыз жауған мұзды жауын салдарынан, әуежай қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшті. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 15 рейс кешіктіріліп, 1 рейс тіптен тоқтатылды,  делінген ақпаратта. 

Қолайсыз ауа райына байланысты авиация әкімшілігі жолаушыларға әуе компанияларының ресми ақпаратына сүйеніп, терминалдағы хабарландыруды назардан тыс қалдырмауды ескертеді.