Осы қағида бойынша ғана біз төмендегі тізімді құрдық. Мұндағы әр зат өзінің нақты тұрмыстық міндетін толық атқарады.
1. Tuvio фен-щеткасы: бір құрылғы – бірнеше функция
Фен-щетка – техниканың өмірді жеңілдете алатынының жақсы мысалы.
Tuvio HBI1412 моделі бірден бірнеше қызметті атқарады, нақтысы шашты кептіреді, түзетеді, көлем береді және бұйралайды. Алмалы-салмалы жеті саптамасы түрлі сән жасауға мүмкіндік береді, сәйкесінше бұл мақсат үшін үйде бөлек-бөлек құрылғы сақтаудың да қажеті жоқ.
1500 Вт қуаты мен BLDC-моторы қою шашқа да жарайды. Үш температура режимі мен үш жылдамдығы шаштың түріне қарай ыңғайлы режим таңдауға мүмкіндік береді.
Иондау – нақты практикалық құрал: статиканы азайтады, шаштың жылтырлығын сақтайды. Нәтижесінде, таңертең шашты 10-15 минутта сәндеп алуға болады.
2. Pragma Pulek комфортер-көрпесі: артық күтімді талап етпейтін жайлылық
Pragma Pulek – жайлылықты бағалайтын, бірақ текстильді күтіп-баптауға уақыт жоғалтқысы келмейтіндерге арналған шешім.
Бұл көрпеге сейсеп керек емес және 40 градус температурада жуу жеткілікті. Уақыты тапшы отбасылар үшін күнделікті тұрмысты айтарлықтай жеңілдетеді.
100% мақтадан жасалған қаптамасы теріге жағымды. Ішіндегі толтырғышы біркелкі жайылған және жуудан кейін түйіншектеліп қалмайды. 1,8 кг салмағы денеге күш түсірмейді, жылу сақтайды. Жыл бойы қолдануға ыңғайлы. Түсі заманауи интерьерге жақсы үйлеседі.
3. Commo One құлаққабы: әуреге салмайтын техника
Commo One – тұрақтылық пен автономияны бағалайтын жандарға арналған дүние.
Бір рет қуаттап алып, 95 сағатқа дейін қолдануға болады, яғни екі күннің бірінде қуаттап отыруды талап етпейді. Жұмыс, қоңыраулар, музыка, жол – бәріне жарайды.
40 мм драйверлері анық, таза жоғарғы жиіліктері бар көлемді дыбыс береді.
Жұмсақ амбушюрлары және реттелетін бөлігі ұзақ қолданғанда шаршатпайды.
AUX-кабель бар, яғни қажет жағдайда сымды режимге оңай ауыса аласыз.
4. Балаларға арналған Junion ас үйі: ұзаққа жететін ойын
Junion балалар ас үйі – қысқа уақытқа қана қызықтыратын емес, жылдар бойы қолданылатын ойынның үлгісі.
Ағаштан жасалған конструкция шағын, бірақ нағыз ас үйдің нұсқасы. Жарық және дыбыс эффектілері ойынды шынайы ете түседі.
Биіктігі реттеледі, яғни ойыншық баламен бірге «өсіп отыра алады». Қосымша ыдыс-аяқ пен аксессуарлар жинағы бөлек сатып алуды қажет етпейді.
Бұндай ас үй қиялды ұштайды және ұсақ моториканы дамытады.
5. Nocord лазерлік деңгейі: жөндеу кезіндегі қатесіз жұмыс
Лазерлік деңгей – үйді өз қолымен жөндейтін адамдар ерекше бағалайтын құрал.
Nocord моделі қабырға, еден, төбе бағытында бірден жұмыс істеуге мүмкіндік беретіндей етіп 360 градусқа үш лазерлік жазықтық түсіреді. Бұл плитка төсеу, жиһаз немесе декор орнату кезіндегі белг салуды айтарлықтай жеңілдетеді.
Жасыл лазер жарық ортада да жақсы көрінеді, ал өзін-өзі теңестіру жүйесі арнайылап қолмен баптауды талап етпейді – беткей қисайса, құрылғы өзі ескерту береді.
Мұндай лазерлік деңгей күнделікті тапсырмаларға да, кәсіби тәжірибесі жоқ, бірақ жұмысты ұқыпты атқарғысы келетіндерге де қолайлы.
Бес затты біріктіретін ортақ қағида біреу: олар қолданушыдан артық әрекет, артық шешім талап етпейді. Бұл – күнделікті өмірге арналған, дұрыс ойластырылған құралдар.