Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар маңызды құжаттарға қол қойды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Атап айтқанда:
Мемлекет басшысы «Құқықбұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды;
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқықбұзушылық профилактикасы және Қазақстан Республикасы заңнамасының жекелеген салаларын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды;
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.