Шығыс Қазақстан және Абай облысында жол жабылды

Жолды 2025 жылғы 31 желтоқсан сағат 05:00-де ашу жоспарланған.

ҚазАвтоЖол ауа райына байланысты екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылғанын мәлім етті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Абай облысы:

2025 жылғы 30 желтоқсан сағат 22:30-да ауа райының бұзылуына байланысты "Алматы - Талдықорған - Өскемен - Шемонаиха - РФ шекарасы" автожолының 971-1013 шақырым аралығындағы учаскесінде (Қалбатау а. - ШҚО шекарасы) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады. 

Шығыс Қазақстан облысы:

2025 жылғы 30 желтоқсан сағат 22:30-да Абай облысында ауа райының бұзылуына байланысты «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолының 1013-1062 шақырым аралығында (Абай облысы шекарасы - Рубеж бекеті) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады. 

Жолды 2025 жылғы 31 желтоқсан сағат 05:00-де ашу жоспарланған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.