Жасотандықтардың жәрдемі
Жасотандықтардың жәрдемі
Елбасы – Nur Otan пар­тия­­сы­ның Төрағасы Н.Назарбаевтың тапсыр­ма­сына сәй­кес, партияның «Ке­­дергісіз келешек», «Ба­­қыт­ты от­басы» және «Ар­да­­­­­герлерді ар­дақ­­тайық» жо­ба­лары ая­­­сында 18 нау­­­рыз күні республикалық «Біз бір­геміз!» акциясы бас­­­талған. Ак­ция аясында қажет жандарға ан­ти­сеп­­тикалық құ­ралдар, медиц­и­на­лық маскалар мен ко­ронавирус пан­де­миясына қарсы қолда­ны­ла­­тын бі­рінші қажеттілік санатына кіре­тін заттар үлес­тіріледі. Атаулы көмекті алатын­дар­дың қатарында Ұлы Отан со­ғысы арда­герлері мен жалғыз­бас­ты қарт кі­сі­лер, аз қамтыл­ған көпбалалы от­басылар, сон­дай-ақ ерекше жағ­дайдағы адам­дар бар. Ги­гие­на­лық құ­рал­дардың ішінде стацио­нар­лық антисептик, қалта анти­сеп­­тигі, антибактериалдық са­­­бын мен медициналық мас­ка кі­реді. Бұл жұмысты атқару ке­зең-ке­зеңі­мен іске асы­ры­ла­ды.
– Бүгін әлеуметтік осал топ­қа жа­татын Ұлы Отан со­ғысы ар­да­герлері, аз қамтылған жә­не көп­балалы отбасылар мен мұмкіндігі шек­теулі жан­дар­дың алғашқы ле­гіне барып, жағ­дайларын білдік. Акция шең­берінде 7 мыңнан астам от­басын қамтимыз деген ойы­мыз бар. Акция «Біз біргеміз!» деп аталады. Мұның әрқай­сы­сын­­да арнайы гигиеналық жиын­­тық­тар, оның ішінде ан­­тисептик, 50 мас­ка, шаруа­шы­лық сабын, ан­ти­бак­те­риал­дық сабын, сондай-ақ азық-түлік себеті бар. Біз ка­рантин соңына дейін ал­ма­ты­лық мұқтаж отбасыларды осын­­­дай заттармен қамта­м­а­сыз етіп отырамыз. Бұл отба­сы­ларға партия тарапынан көп жылдан бері үнемі көмек бе­ріліп келеді, – деді Nur Otan пар­­тиясының Jas Otan жастар қа­­натының Алматы қаласы бойын­ша төрағасы Мәди Ах­ме­тов.
Ол сондай-ақ еріктілердің мұқ­­таж жандарға көмектесуге әр­қашан дайын екенін және осы істі атқаруға арнайы қор­ғаныс костю­мін киіп, маска тағып барғанын айтты. Барлық гу­манитарлық кө­мек тікелей бай­ланыссыз әдіс­пен үлесті­рі­леді. Бұл акцияға 30 во­лонтер тар­тылған. Олар арнайы кесте бойын­ша 10 адамнан бөлініп жұ­­­мыс істейді.  

Гүлнар ТӘЖИЕВА