Жаяу бұрқасын жүреді, қар жауады: 31 желтоқсанға ауа райы болжамы

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, жаяу бұрқасын жүреді, күндіз қар жауады.

Қазгидромет 31 желтоқсандағы ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктердің болжамына сүйенсек, Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман. Жезқазғанда жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, кей уақыттарда тұман болады.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, жаяу бұрқасын жүреді, күндіз қар жауады. Көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман. Қарағандыда түнде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Кей уақыттарда тұман түседі.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады. Атырауда тұман, көктайғақ болады.

Маңғыстау облысының солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20, облыстың батысында кей уақыттарда 23 м/с. Ақтауда оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с.

Батыс Қазақстан облысында қар жауады, бұрқасын болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Оралда қар жауады, бұрқасын болады. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Жамбыл облысының таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 25 м/с. Таразда кей уақыттарда тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с.

Қостанай облысында оңтүстігінде, шығысында, батысында қар, бұрқасын, көктайғақ болады. Қостанайда тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с.

Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман болады. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, Жарма ауданында екпіні 23-28 м/с.

Павлодар облысының батысыңда, солтүстігінде, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Оңтүстіктен жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Павлодарда күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады.

Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ болады. Қызылордада кей уақытта тұман түседі, көктайғақ болады деп болжанады.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында қар жауады, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Ақтөбеде күндіз қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді. Түнде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында 15-20, облыстың тау асуларында екпіні 23 м/с. Шымкентте солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Түркістанда солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда екпіні 25 м/с. Қонаевта оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында аздаған қар жауады, бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с. Петропавлда қар жауады. Жаяу бұрқасын жүреді. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, түнде екпіні 15-20 м/с.

Ақмола облысының оңтүстігінде қар жауады, облыстың оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын, бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Көкшетауда күндіз қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, жолдарда көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, түнде екпіні 15 м/с.

Астанада түнде қар жауады, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысықа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.