Ресейлік әжей Жаңа жылға бір ванна оливье салатын дайындаған

Желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді.

Жаңа жылға бір ванна оливье салатын дайындаған әже желідегілерді шулатты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты Аmic.ru -ға сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде тараған бұл бейнежазба елді шулатты. Әжей Жаңа жылдың белгісі деп оливье салатын дайындаған. Онда да үлкен тегеш емес, ваннаны толтыра дайындаған.

Бейнежазбада немересінің тым көп дайындапсың дегеніне әжей «Өздерің ғой, оливье сұраған. Тауысасыңдар, мереке әлі ұзақ болады» деген.

Желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Бірі бұл жағдайды асыра сілтеп жіберген, орынсыз, ысырап десе, енді бірі жаңажылдық көңіл күй сыйлаған әжеге алғысын жаудырған.