Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданында 17-шағынауданда бес қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің бірінен өрт шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өрт тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтерден шыққан. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар баспалдақ арқылы 7 адамды қауіпсіз жерге эвакуациялады. Қабылданған жедел шаралардың арқасында өрттің ары қарай таралуына жол берілмеді. Өрт толықтай сөндірілді.
Төтенше жағдайлар департаменті алда-жалда төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалуды ескертті.