Елдос Сметов қашан татамиге оралатыны белгілі болды

Дзюдошы жаттығу процесін қайта бастағанын болатын.

Олимпиада чемпионы, даңқты дзюдошы Елдос Сметовтің халықаралық жарыстарға қайта оралатыны белгілі болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Дереккөздердің мәліметінше, Елдос Сметов мамыр айында Астанада өтетін Grand Slam турниріне қатысуды жоспарлап отыр.

Десе де, ол 2026 жылдың басында Парижде өтетін "Үлкен дулыға" турниріне қатыспайды. Бұған дейін дзюдошы жаттығу процесін қайта бастағанын айтқан. Дегенмен Елдос Сметов Париж Олимпиадасынан бері халықаралық жарыстарда әлі белдескен жоқ.

Айта кетейік, Елдос Сметов Қазақстан тарихындағы дзюдодан тұңғыш Олимпиада чемпионы.