«Сергек» камерасы: алматылықтар 94 миллиард теңге айыппұл төледі

Бұл – соңғы 5 жыл ішіндегі кіріс.

«Сергек» камераларының арқасында Алматы қазынасына 94 миллиард теңге түсті,  деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Бұл туралы Алматы мәслихаты депутаттарының отырысында Қала цифрландыру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мейрам Дүйсеков айтты.

Оның айтуынша, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы аясында «Сергек» компаниясымен келісімді 1 жылға ұзарту мәселесі қаралды.

–  Шарттың қолданылу мерзімінің 5 жыл ішінде барлығы өндірілді. 14 миллиард теңге мемлекеттік міндеттемелерді алып тастағанда 5 жыл ішінде 94 миллиард теңге айыппұл өндірілді. Бұл қаржы Алматы қаласының бюджетіне түседі, – деді Мейрам Дүйсеков.