«93 жасыңда өмірден өтесің»: Мұхтар Шаханов көріпкелдің өзі жайлы сөзін айтты

Оның айтуынша, көріпкел ақынның болашағы жайлы сөз қозғаған.

 

Белгілі ақын Мұхтар Шаханов кезінде көріпкелдің оның 93 жасқа дейін өмір сүретіні жайлы айтқанын еске алды,  деп хабарлайды Aikyn.kz. Бұл туралы «1001 түн» бағдарламасында берген сұхбатында айтты.

– Шымкенттің ар жағында Бадам деген жерде біреудің малханасында тұрдық. Сол жерде көршілерден ақша сұрап, Шымкентке жаяу бардым. Сол жерде базарды жаяу кесіп өте бергенімде бетінің бәрі шотыр-шотыр кісі қолыңды ұстап, тағдырыңды айтады екен. Мен де қолымды ұстатып едім, маған «Балам, сен бүкіл жер шарын білетін адам боласың. Сендей абырой биігіне көтерілген адам болмайды. Сен 93 жасқа келіп, өмірден өтесің» деді. Соның айтқанының бәрі келді ғой. Дүниежүзінде мен бармаған мемлекет жоқ. Ал енді 93 жасқа маған 11 жыл уақыт қалыпты. Соны күтіп жүрмін, – деді ақын.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Нұрлыбек Мылтықбайұлы (@nur.nurlybek)