Абай облысының Жарма ауданында республикалық маңызы бар автожолда қозғалыс шектелуіне байланысты Калбатау ауылының блок-бекетінде "Зайсан-Өскемен" бағытындағы 35 жолаушысы бар автобус қалып қойды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"ТЖМ құтқарушылары полиция және жергілікті атқарушы органдармен бірге 35 адамды, оның ішінде 5 бала, жақын маңдағы жылыту пункттеріне жеткізіп орналастырды. Медициналық көмек ешкімге қажет болмады. ️ТЖМ дауылды ескертулерді ескеруді және ауа райы нашарлаған жағдайда елді мекеннен тыс жерлерге шықпауды ұсынады!", – делінген ТЖМ хабарламасында.
Еске салсақ, "Қазгидромет" көптеген өңірде жауын жауып, арты қарға ұласып, боран соғатынын хабарлағанын жазған болатынбыз.