25 желтоқсан күні Қазалы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру шаралары барысында облыстық прокуратураның үйлестіруімен қылмыс жасады деген күдікпен 24 және 22 жастағы екі аудан тұрғынын анықтап, ұстады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Күдіктілер аудан аумағындағы даладан ұрланған малды сойып жатқан жерінен қолға түскен. Қазір аталған дерек бойынша, аудандық полиция бөлімінде мал ұрлығы фактісімен қылмыстық іс тіркелді. Айғақты заттар тәркіленіп, іс материалдарына қоса тіркелді.
Қазіргі уақытта күдіктілердің мал ұрлығы бойынша басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.