Футболшы Дастан Сәтпаев туралы тосын хабар тарады

Айта кеткен жөн, Дастан Сәтпаев бұған дейін әлемнің ең дарынды жас футболшыларының ТОП-5 тізіміне енгені туралы ақпаратпен де жұртшылықты тәнті еткен еді.

«Қайрат» футбол клубының және Қазақстан жасөспірімдер құрамасының 17 жастағы шабуылшысы Дастан Сәтпаев әлеуметтік желіде белгісіз бойжеткенмен бірге түскен суреті арқылы желі қолданушыларының назарын аудартты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Футболшы Instagram парақшасындағы Stories бөлімінде тау шаңғысы курортында түскен суретті жариялаған. Кадрда екеуінің де жүздері шарф пен қысқы көзілдіріктермен жабылған. Бұл жарияланым желіде түрлі пікірлер туғызды. Көпшілік бойжеткенді Сәтпаевтың сүйіктісі деп болжап отыр.

Айта кеткен жөн, Дастан Сәтпаев бұған дейін әлемнің ең дарынды жас футболшыларының ТОП-5 тізіміне енгені туралы ақпаратпен де жұртшылықты тәнті еткен еді.