«Мұздан тайып, мерт болды»: Астанада автобус аялдамасынан ер адамның мәйіті табылды

уа температурасы минус болғанымен, жаңбыр жауып, жолдар мен тротуарларды мұз басып, қала сырғанақ алаңына айналды.

30 желтоқсан күні Астана қаласындағы А-108 көшесіндегі автобус аялдамасында өтіп бара жатқан тұрғындар ес-түссіз жатқан ер адамды байқап қалған, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Алдын ала мәлімет бойынша, ол көктайғақ салдарынан тайып құлап, басынан ауыр жарақат алып, көз жұмған. Мәйіт құқық қорғау органдарына тапсырылды.

Айта кетейік, 30 желтоқсан күні таңертең Астанада қатты көктайғақ басталды. Ауа температурасы минус болғанымен, жаңбыр жауып, жолдар мен тротуарларды мұз басып, қала сырғанақ алаңына айналды.

 

Ауа райының күрт нашарлауына байланысты кей бағыттардағы автожолдар уақытша жабылды. Астана әуежайында мұзды жаңбыр салдарынан бірқатар рейстер кешігіп жатыр. Барлық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп, қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын қабылдауда.