"Балалы болғым келеді": тележүргізуші Динара Сәтжан жан сырын ақтарды (видео)

ЭКО-ға жүгінгісі келетінін де жасырмады.

Тележүргізуші Динара Сәтжан "Мамский әңгіме" подкастында отбасы туралы айтты, – деп жазды Aikyn.kz.

Тележүргізуші балалы болуды армандап жүргенін жеткізді. Сонымен қатар ЭКО-ға жүгінгісі келетінін де жасырмады.

"Балалы болғым келеді. Қазір ғылым бір орында тұрған жоқ. Менің жасымда ғылымға сенген дұрыс деп ойлаймын. ЭКО-ға жүгінуді жоспарлап жүрмін. Ешқашан бұл туралы айтамын деп ойламаппын. Дегенмен Құдайдың өз жоспары бар" , - дейді ол.

Айта кетейік, тележүргізуші жақында кәсіпкер Жұмабек Жанықұловпен бас қосқан болатын.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.