Еркебұлан Тоқтар өзін сынап жатқандарға жауап берді

Марапат алған спортшы қызу талқыға түскен еді.

Актер, ережесіз жекпе-жек шебері Еркебұлан Тоқтар өзін сынап жатқандарға жауап берді, – деп жазды Aikyn.kz.

Жақында «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атанған ол қызу талқыға түскен еді. Алайда спортшыны қолдап жатқандар да бар.

«Марапатты сұраған жоқпын. Келіп-кетіп жатқан пайдасы жоқ. Мемлекеттен жеңілдік, ақша алмаймын. «Үкіметтен ақша алады» деп ойлайды. Бір тиын алмаймын, керегі де жоқ. Марапат берілді, алдым. Қуанышты болдым, өте үлкен марапат. Лайықпын па, лайық емеспін бе, ол жағын берген адам шешеді», – деді актер Еркебұлан Тоқтар Аман Тасығанға берген сұхбатында.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.