Көпбалалы отбасыға төленетін жәрдемақының мөлшері көбейеді

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 1, 2, 3 бала туғанда берілетін жәрдемақы 149 416 теңгеден 164 350 теңгеге дейін, 4 және одан да көп бала туғанда — 247 716 теңгеден 272 475 теңгеге дейін ұлғайды.

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап, АЕК мөлшерінің артуына байланысты көпбалалы отбасыларға төленетін жәрдемақылардың мөлшері көбейеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 1, 2, 3 бала туғанда берілетін жәрдемақы 149 416 теңгеден 164 350 теңгеге дейін, 4 және одан да көп бала туғанда — 247 716 теңгеден 272 475 теңгеге дейін ұлғайды.

Сонымен қатар мөлшері бала санына байланысты көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы 4 баласы бар отбасылар үшін 63 030 теңгеден 69 330 теңгеге дейін, 10 баласы барларға — 157 280 теңгеден 173 000 теңгеге дейін өсті. 

2026 жылы бала тууға байланысты біржолғы жәрдемақы:

— бірінші, екінші және үшінші балаға — 164 350 теңге (38 АЕК);

— төртінші және одан да көп балаға — 272 475 теңге (63 АЕК).

1,5 жасқа дейінгі бала күтіміне арналған ай сайынғы жәрдемақы:

— бірінші балаға — 24 912 теңге (5,76 АЕК);

— екінші балаға — 29 453 теңге (6,81 АЕК);

— үшінші балаға — 33 951 теңге (7,85 АЕК);

— төртінші және одан көп балаға — 38 493 теңге (8,90 АЕК).

Көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік төлемдер:

— 4 бала — 69 330 теңге (16,03 АЕК);

— 5 бала — 86 673 теңге (20,04 АЕК):

— 6 бала — 104 016 теңге (24,05 АЕК);

— 7 бала — 121 360 теңге (28,06 АЕК);

— 8 және одан да көп бала — әр балаға 17 300 теңге (4 АЕК).