Стамбұлда апатқа ұшыраған ұшақтың видеосы жарияланды
Стамбұлда апатқа ұшыраған ұшақтың видеосы жарияланды
«РИА Новостидің» жазуынша, Стамбұлда апатқа ұшырамай тұрып, жерге қонған ұшақтың видеосы пайда болды. Ресми видеоны түріктің DHA ақпарат агенттігі жариялады. https://youtu.be/qgGRoKMS6-8 Pegasus әуекомпаниясының ұшағы Сабихи Гекчен әуежайына апатты жағдайда қонған.
Видебақылау камерасына түсірілген видеода лайнердің ұшу-қону жолағымен жоғары жылдамдықпен қозғалып келе жатып, кейін шетке шығып кетіп, жардан құлағаны көрсетілген. 
Измир – Стамбұл рейсін орындаған ұшақ үшке бөлініп кеткен. Бұған дейін 3 адам қаза тауып, 179-ы жарақат алғанын жазған болатынбыз. Айта кетейік, Стамбұлдың губернаторы Али Ерикайяның айтуынша, ұшақта 183 адам болған. Оның ішінде, 177 жолаушы, (екі бала – ред), 6 экипаж мүшесі.