«РИА Новостидің» жазуынша, Стамбұлда апатқа ұшырамай тұрып, жерге қонған ұшақтың видеосы пайда болды. Ресми видеоны түріктің DHA ақпарат агенттігі жариялады. https://youtu.be/qgGRoKMS6-8 Pegasus әуекомпаниясының ұшағы Сабихи Гекчен әуежайына апатты жағдайда қонған.
Видебақылау камерасына түсірілген видеода лайнердің ұшу-қону жолағымен жоғары жылдамдықпен қозғалып келе жатып, кейін шетке шығып кетіп, жардан құлағаны көрсетілген.Измир – Стамбұл рейсін орындаған ұшақ үшке бөлініп кеткен. Бұған дейін 3 адам қаза тауып, 179-ы жарақат алғанын жазған болатынбыз. Айта кетейік, Стамбұлдың губернаторы Али Ерикайяның айтуынша, ұшақта 183 адам болған. Оның ішінде, 177 жолаушы, (екі бала – ред), 6 экипаж мүшесі.