2026 жылы офсайд ережесі өзгеруі мүмкін

Бұл туралы испандық AS газеті хабарлады.

Халықаралық футбол қауымдастықтары кеңесі (IFAB) 2026 жылдың 20 қаңтарында офсайд ережесіне өзгеріс енгізу мәселесін қарастырады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бұл туралы испандық AS газеті хабарлады.

Кеңес мүшелері Лондонда өтетін жиында офсайд ережесінің жаңа форматын талқылайды. Егер бұл өзгерістер мақұлданатын болса, олар 2026/27 жылғы маусымнан бастап күшіне енеді.

Қазіргі уақытта офсайд шабуылшы ойыншының гол соғуға болатын дене мүшесінің кез келген бөлігі қарсылас қақпасына жақынырақ орналасқанда тіркеледі, егер бұл сәтте ол допты қабылдап жатқан болса және бұл позицияда одан тек бір ғана қорғаушы (көп жағдайда қақпашы) бар болса.

ФИФА-ның футболды жаһандық дамыту бөлімінің басшысы, Лондонның «Арсенал» клубының бұрынғы бас бапкері Арсен Венгер бұл ережеге келесі өзгерісті ұсынған болатын: егер шабуылшының гол соғуға болатын дене мүшесінің кез келген бөлігі қорғаушының соңғы шебімен бір сызықта немесе одан кейін орналасса, онда ол ойыншы офсайдта болып саналмайды.

 

Бұл өзгеріс футболдағы даулы жағдайлардың санын азайтып, шабуылшылардың мүмкіндігін кеңейтеді деген үміт бар.