Жаңа жылда ең көп нәресте дүниеге келген өңірлер белгілі болды

Министрлік «Аналар саулығы» бағдарламасы аясында әйелдердің денсаулығын нығайту және жүктілікке дайындық сапасын арттыру мақсатында профилактикалық тексерулер мен прегравидарлық дайындық жұмыстарын жүргізіп келеді.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 2026 жылдың алғашқы күнінде дүниеге келген сәбилердің арасында ұлдар мен қыздар саны бірдей болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Ақтөбе облысында бір егіз өмірге келді.

Дәстүрлі түрде ең көп нәресте дүниеге келген өңірлер:

Түркістан облысы — 29 бала,

Шымкент қаласы — 24,

Астана — 22,

Алматы қаласы — 21.

Министрлік «Аналар саулығы» бағдарламасы аясында әйелдердің денсаулығын нығайту және жүктілікке дайындық сапасын арттыру мақсатында профилактикалық тексерулер мен прегравидарлық дайындық жұмыстарын жүргізіп келеді.

2025 жылдың қорытындысы бойынша:

Прегравидарлық дайындықпен қамту көрсеткіші 11%-ға артып, 46,5%-ды құрады.

Жүктіліктің алғашқы 10 аптасында есепке тұрған әйелдер саны 25%-ға өсті.

Бұл көрсеткіштер әрбір болашақ анаға жеке көзқараспен қарауға, сапалы антенаталдық күтіммен қамтамасыз етуге, қауіпсіз босануға және босанғаннан кейінгі кезеңде тиімді бақылау жүргізуге мүмкіндік береді.