Жаңа жылдың басталуы әдеттегідей мерекелік демалыс күндерімен бірге келеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Қаңтар айындағы жұмыс және демалыс күндерінің тәртібі жұмыс аптасының ұзақтығына қарай төмендегідей белгіленген.
Бес күндік жұмыс аптасы үшін:
1–2 қаңтар — Жаңа жыл мерекесіне орай демалыс күндері;
3–4 қаңтар — демалыс;
5–6 қаңтар — жұмыс күндері;
7 қаңтар — Рождество мерекесіне байланысты демалыс.
Алты күндік жұмыс аптасы үшін:
1–2 қаңтар — мерекелік демалыс;
3 қаңтар — жұмыс күні;
4 қаңтар — демалыс;
5–6 қаңтар — жұмыс күндері;
7 қаңтар — Рождество мерекесіне орай демалыс күні.