Қазгидромет 2 қаңтарда ауа райына байланысты ескерту жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Синоптиктердің болжамы бойынша, түнде және күндіз Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді, облыстың солтүстігінде, орталығында тұман түседі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Ақтауда 2 қаңтарда көктайғақ болады. Күндіз солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында да тұман, көктайғақ болады.
Түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Түнде облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында, күндіз таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Таразда 2 қаңтарда кей уақыттарда тұман болады деп күтіледі.
Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман болады деп күтіледі. Облыстың шығысында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Талдықорғанда 2 қаңтарда түнде және таңертең кей тұста тұман болады.
Түнде Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады, облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың орталығында солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, екпіні - 15-18 м/с. Ақтөбеде 2 қаңтарда күндіз кей уақыттарда қалың қар жауады, көктайғақ болады, түнде және таңертен тұман түседі.
Астанада 2 қаңтарда күндіз көктайғақ, түнде және таңертең тұман болады деп болжанады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстік-шығысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с. Өскеменде 2 қаңтарда тұман түседі.
Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман болады. Шымкентте және Түркістанда да 2 қаңтарда кей уақыттарда тұман түседі деп күтіледі.
Түнде Абай облысының оңтүстік-батысында аздап қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында тұман түседі. Түнде облыстың оңтүстік-батысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Семейде 2 қаңтарда тұман болады.
Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде және орталығында да тұман түседі деп болжанады.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Жезқазғанда 2 қаңтарда тұман түседі.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, облыстың оңтүстік-шығысында тұман түседі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Петропавлда 2 қаңтарда оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, түндегі екпіні - 15-20 м/с.
Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады, облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп болжанады. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Атырауда 2 қаңтарда көктайғақ болады.
Павлодар облысының батысыңда, солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында да тұман болады.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Қостанайда 2 қаңтарда қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ, тұман болады деп болжанады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, түндегі екпіні - 15-20 м/с.
Күндіз Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде аздап қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Көкшетауда 2 қаңтарда жолдарда көктайғақ болып, түнде оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с қамтиды.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында да тұман түседі.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.