Қазақстан 2025 жылы рекордтық көлемде мандарин сатып алды

Бұл көрсеткіш 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 21%-ға жоғары.

Қазақстан 2025 жылдың алғашқы 10 айында мандарин импортында жаңа рекорд орнатты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Яғни 75,6 мың тонна болды. Бұл көрсеткіш 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 21%-ға жоғары. Мұндай өсім соңғы он жыл ішінде болмаған, әсіресе 2017 жылдан бері қолданылып келе жатқан қазіргі классификацияға сәйкес есептегенде.

Бірақ импорт көлемі артқанына қарамастан, ақшалай мәнде түсім аздап төмендеген. Мәселен, 2024 жылғы 38 миллион доллардан 2025 жылы 37 миллион долларға дейін. Бұл орташа тонна құнының 20%-ға арзандағанын білдіреді. Қарапайым тілмен айтсақ, Қазақстан мандаринді көп әкеліп, аз ақша төлеп отыр.