Ақтауда тепловоз бен жеңіл автокөлік түйісті

Chevrolet маркалы жеңіл автокөлік пен тепловоз соқтығысты.

2026 жылғы 2 қаңтар күні таңертең Ақтаудағы «Гелиос» жанармай құю бекеті маңындағы теміржол өткелінде ауыр жол-көлік оқиғасы болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Chevrolet маркалы жеңіл автокөлік пен тепловоз соқтығысты.

Алдын ала мәліметтер бойынша, автокөлікті басқарған әйел жүргізуші келе жатқан тепловозды дер кезінде байқамай қалған. Соқтығыс сол сәтте пойыз теміржол өткелінен өтіп жатқанда болған.

Оқиға орнына полиция мен жедел қызмет мамандары жедел жетіп, қажетті шараларды қолға алды. Маңғыстау облыстық полиция департаменті аталған жүргізушіге ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырғанын мәлімдеді. Бұл бап жол жүрісі қағидаларын бұзу, адамның денсаулығына зиян келтіру және мүлікке залал келтіру әрекеттерін қарастырады.

Дәрігерлердің айтуынша, әйелдің білегі сынған. Қазіргі таңда науқастың жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр. Өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

 

Құқық қорғау органдары жүргізушілерді теміржол өткелдерінен өту кезінде ерекше сақ болуға шақырып, жол қауіпсіздігін қатаң сақтау қажеттігін еске салды.