ҚазАвтоЖол Ақтөбе облысында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
«2026 жылғы 2 қаңтар сағат 21:45-те ауа райының бұзылуына байланысты «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 776-965 шақырым аралығындағы учаскесінде (ЭКО ойл ЖҚС – Қарабұтақ ауылы) барлық көлік түрінің қозғалысына шектеу қойылады», - делінген хабарламада.
Жолды 2026 жылғы 3 қаңтар сағат 09:00-де ашу жоспарланған.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.