«Жыл соңын бесеу болып аяқтадық»: Ерке Есмахан отбасылық сурет жариялады

Өнер иесі оқырмандарын Жаңа жылмен құттықтап, әр шаңыраққа қуаныш тіледі.

Әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желіде жазба жариялап, өткен жылға есеп берді, – деп жазды Aikyn.kz.

Өнер иесі оқырмандарын Жаңа жылмен құттықтап, әр шаңыраққа қуаныш тіледі.

«2025 жылдың басын төртеу болып бастап, соңын бесеу болып аяқтап жатырмыз. Аллаға сансыз шүкір! Жаңа 2026 жыл құтты болсын! Шаңырақтарымызда тек бақыт, береке, тыныштық, қуаныш, байлық, ден сау болсын. Барлық армандар орындалсын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, жерімізде молшылық болсын! Жыл басы қалай болып жатыр?» - деп жазды әнші.

Желі қолданушылары әншінің отбасылық суретіне сүйсініп, ақ тілегін арнады.

«Маған да осылай жанұямен бақуатты, бақытты болуды нәсіп етсін!», «Нағыз отбасы бақыты осы ғой. Шаңырақтарыңыздан береке кетпесін, балаларыңыз аман-есен, дендері сау болып өссін. Жаңа 2026 жыл тек жақсылық әкелсін», «Керемет! Осындай әдемі өмір баршамызға жұғысты болсын!» - деп жазды желі қолданушылары.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.