Өрт сөндірушілер балаларды өрттен эвакуациялады

Астанада өрт сөндірушілер 2 баланы өрттен қауіпсіз жерге алып шықты.

Бүгін Астанада Қүйші Дина көшесінде орналасқан 5 қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы пәтерде өрт шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Оқиға орнына ТЖМ бөлімшелері жедел түрде жіберілді. Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында өрт қысқа мерзімде сөндіріліп, оттың көрші пәтерлер мен қабаттарға таралуына жол берілмеді.

ТЖМ қызметкерлері құтқару қалпақтарын қолданып, 2 баланы қауіпсіз жерге эвакуациялады.

ТЖМ тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін ескертеді, әсіресе қыс мезгілінде, өрт шығу қаупі артады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.