Италияда бір тәулік ішінде 627 адам коронавирустан көз жұмды
Италияда бір тәулік ішінде 627 адам коронавирустан көз жұмды
© Сурет ғаламтордан
147
оқылды
Италиядағы коронавирус құрбандарының саны соңғы тәулікте ғана рекордтық 15 пайызға өсіп, 4032 адамға жетті . Пандемияға байланысты бір күнде 627 адам қайтыс болды . Бұл туралы азаматтық қорғау Департаментінің басшысы Анджело Боррелли хабарлады. Ел әлі де қауіпті инфекциямен ауырғандар саны бойынша бірінші орында тұр . Жұқтырғандардың жалпы саны 37860 , деп хабарлады шенеунік. Оның айтуынша, бейсенбіден бастап COVID-19 жұқтырудың расталған жағдайларының саны 4670 адамға артты. Сарапшылардың пікірінше, ел билігінің барлық күш-жігеріне қарамастан, аурудың өршуін бақылауға алу мүмкін емес.