«Қазгидромет» қар, бұрқасын, көктайғақ туралы ескертті

Синоптиктердің мәліметінше, бүгін көптеген аймақтарда қар, бұрқасын, көктайғақ, облыстың солтүстігінде, батысында қатты қар, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі.

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша дауылды ескертулер жарияланды,  – деп хабарлайды Aikyn.kz

Дауылды ескерту сақталады:

 6-7 қаңтарда Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыс бағыттан солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, шығысында екпіні  15-20 м/с.

Алматы қ.:  6-7 қаңтарда түнде және таңертең кей уақытта тұман күтіледі.

Дауылды ескертулер күтіледі:

Астана қ.:  6 қаңтарда қар, бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23 м/с.

Шымкент қ.:  6 қаңтарда кей уақыттарда тұман күтіледі.

 6 қаңтарда түнде Қостанай облысында қар, бұрқасын, көктайғақ, облыстың солтүстігінде, батысында қатты қар, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, шығысында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде 15-20 м/с, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

 6 қаңтарда Ақмола облысында қар, бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні  15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с.                                                                   

 6 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысында қар, бұрқасын, түнде облыстың батысында қатты қар күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ, облыстың шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с.

 6 қаңтарда Павлодар облысында қар, бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың батысында 23-28 м/с.

 6 қаңтарда күндіз Абай облысының батысында, солтүстігінде қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні  23-28 м/с.

 6 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні  25 м/с.

6 қаңтарда күндіз Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, облыстың солтүстігінде кей уақыттарда 23 м/с.

 6 қаңтарда күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде қар, бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.

 6 қаңтарда түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, орталығында қар, бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысып соғады, түнде облыстың солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с.

 6 қаңтарда Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ  күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

 6 қаңтарда Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, түнде облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.

 6 қаңтарда Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі.

 6-7 қаңтарда Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні  15-20 м/с.

 6-7 қаңтарда Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.

 6 қаңтарда Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі.

 6 қаңтарда Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.