Президент Қорғаныс министрінің орынбасарын жаңадан тағайындады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Мемлекет басшысының өкімімен Асқар Досбосынұлы Мұстабеков Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ол бұған дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің басшысы қызметін атқарған болатын.

Білімі: Философия ғылымдарының докторы. 

Шені: Генерал-майор.