Дамаскіні зымыранмен атқылады
Дамаскіні зымыранмен атқылады
Фото: Интернеттен алынды
«РИА Новостидің» жазуынша, Сирия астанасы Дамаск қаласында жарылыстардың даусы естілген. Дереккөздің жазуынша, Al-Ikhbariya мемлекеттік телеарнасы таратқан мәліметке сәйкес, сириялық әуе шабуылына қарсы қорғанысы (ӘШҚ) зымыран соққыларына тойтарыс беріп жатыр.
SANA агенттігінің хабарлауынша, «жаудың бірінеше нысаны» құлатылған. Зымыранмен шабуыл израильдіктер басып алған Голан биігі аумағынан жасалған. 
Израиль қорғаныс әскері ізірге шабуылға қатысы бар-жоғы туралы ештеңе айтпады. Еске сала кетейік, Сирия мен Израиль арасында дипломатиялық қарым-қатынас нашар. Олар ұзақ жылдары бойы Голан биігіне таласып келеді.