Министрлік баспасөз қызметінің мәліметінше, нысанды қайта жаңғырту жұмыстары тоқтаған жоқ, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында М.Әуезов атындағы театрды қайта жаңғырту жұмыстарының баяу жүріп жатқаны немесе тоқтатылып тұрғаны туралы жарияланған ақпараттарға байланысты төмендегіні хабарлаймыз.
Нысанды қайта жаңғырту жұмыстары тоқтатылған жоқ. Қазіргі уақытта жоба жаңа қаржы жылының басталуын күтуде, содан кейін белгіленген тәртіпке сәйкес жұмыстарды жалғастыру үшін қажетті қаражат бөлінеді.
Нысандағы жөндеу жұмыстары уәкілетті мемлекеттік органдардың тұрақты бақылауында. М.Әуезов атындағы театрды қайта жаңғырту оның тарихи және мәдени құндылығын сақтауға қойылатын барлық талаптарды сақтай отырып, толық аяқталатын болады, – делінген министрліктің арнайы хабарламасында.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.