Сот Талдықорған тұрғыны, 33 жастағы Айбар Жанболатты өз әйелі Айзат Жұманованы өлтіргені үшін кінәлі деп танып, оны 14 жылға бас бостандығынан айырды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Қайғылы оқиға 2025 жылдың 22 маусымында болған. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, Айбар Жанболат мас күйінде өз үйінің маңында әйелін ұрып-соғып, бірнеше рет тепкен. Айзат оны тоқтатуды өтінгенімен, күйеуі ұрып-соғуды жалғастырған. Әйел есінен танып қалған сәтте де ол әрекетін тоқтатпаған.
Сот отырысында куәгерлердің айғағы мен сот-медициналық сараптама қорытындысы ұсынылды. Сарапшылар жәбірленушінің алған жарақаттары өмірге қауіпті болғанын растады. Соның негізінде сот Айбар Жанболатты Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабымен кінәлі деп тауып, 14 жылға қатаң режимдегі түзеу мекемесіне қамауға шешім шығарды.
Бұл оқиға тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесінің өзектілігін тағы бір рет көрсетті.