Ольга Рыпакова Қазақстанның жеңіл атлетика федерациясы президенті қызметінен кетті

Қазақстанның жеңіл атлетикасында маңызды кадрлық өзгеріс болды.

Олимпиада чемпионы, ел намысын талай халықаралық додада абыроймен қорғаған Ольга Рыпакова Жеңіл атлетика федерациясының президенті қызметінен кетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Ол енді Федерацияның құрметті президенті мәртебесіне ие болды.

Жаңа президент ретінде «Ұлттық компания “ҚазМұнайГаз”» АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасенов тағайындалды. Оның бұл саладағы басшылық рөлді атқаруы Қазақстан жеңіл атлетикасын дамыту мен қолдауға тың серпін береді деп күтілуде.

Айта кетейік, Ольга Рыпакова — спорттағы жетістіктері мен еліміздегі жеңіл атлетиканы дамытуға қосқан үлесі үшін үлкен құрметке ие тұлға. Оның жаңа мәртебесі — спорт қоғамдастығы алдындағы еңбегінің жоғары бағалануының дәлелі.