Елена Рыбакина Аустралиядағы турнирдің жартылай финалына шыға алмай қалды

Отандасымыз чехиялық Каролина Муховамен өзара мықтыны анықтады.

Қазақстан құрамасының теннисшісі Елена Рыбакина Брисбендегі (Аустралия) WTA 500 турнирінің ширек финалында жеңіліс тапты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Отандасымыз чехиялық Каролина Муховамен өзара мықтыны анықтады.

ҚР ҰОК мәліметінше, бірінші сетті Мухова жеңіске жетті. Екінші сетте Рыбакина есепті теңестіре алды. Алайда шешуші сетте чехиялық теннисші басым түсті.

Қорытынды есеп - 6:2, 2:6, 6:4.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.